АҚШ-тағы президенттік сайлауда жеңіске жеткен Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинге Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін «әрекет ету уақыты» келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz» РИА НОВОСТИ-ге сілтеме жасап.
«Мен Владимирды (Путин. — Ред.) жақсы білемін. Оның әрекет ету уақыты келді. Қытай көмектесе алады. Дүние күтіп отыр!» — деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Трамп бұған дейін Украинадағы қақтығыс Джо Байденнің орнына АҚШ президенті болғанда ешқашан басталмас еді деп мәлімдеген. Ол сондай-ақ қайта сайланса, Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты бар болғаны 24 сағаттың ішінде шешуді жоспарлап отырғанын атап өтті. РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Трамптың сөздерін комментирлей отырып, бұл қақтығыстың бір күнде шешуге тым күрделі мәселе екенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесуі өтті.
Трамп бұған дейін бағалы қағаздар және биржалар комиссиясының басшысы лауазымына криптовалютаға қолдау көрсететін кандидат таңдаған болатын.