Игорь Ильин «KMG PetroChem» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды (ҚМГ «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның еншілес ұйымы), деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».
«ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дастан Абдулгафаров жаңа басшыны компания ұжымы алдында таныстырды.
Тағайындалғанға дейін И. Ильин «Karabatan Utility Solutions» ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқарды. Әр жылдары «ЦАЭК» АҚ, «Самрук-Энерго» АҚ, «Қазақ мұнай және газ институтының ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС сияқты жетекші лауазымдарда жұмыс істеді.
2012 жылы стажировкадан өтіп, кейін Worley Parsons компаниясында еңбек жолын бастады — инженерлік қызметтер, жобалау, өнеркәсіпте инновациялық тәсілдерді енгізуде әлемдік көшбасшы.
Қазақстан-Британ техникалық университетін «автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Айта кету керек, Игорь Ильин бұрынғы ТЖ министрі Юрий Ильиннің ұлы.