Мамандар тұрғындарға қолайсыз метеорологиялық жағдайларда: ашық ауада, әсіресе автожолдар немесе басқа ластану көздерінің жанында, болу уақытын қысқартуды; балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендерден бас тартуды; созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада болғанда дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруді; ашық ауада физикалық жүктемені шектеуді ұсынады. Сондай-ақ, спортпен және дене шынықтырумен жабық спорт кешендерінде айналысу ұсынылады.
Бұған дейін Қазақстанның синоптиктері демалыс күндеріне ауа райы болжамын беріп, қазақстандықтарға қар жауатынын уәде еткен.