Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федератив Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге Магдебургтегі Рождестволық жәрмеңкедегі қайғылы оқиға салдарынан көптеген адам шығындарына байланысты көңіл айтты.
"Достас Германия халқымен орны толмас жоғалудың қайғысын бөлісіп, Қазақстан халқының атынан және өз атымнан қаза болғандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын. Зардап шеккендердің барлығына тезірек сауығып кетуді тілеймін", – делінген телеграммада.
Еске сала кетейік, Сауд Арабиясының тумасы жаңа жылдық жәрмеңкеге келген адамдардың ортасына көлігімен соқтығысып кетті. Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, кем дегенде төрт адам қаза тауып, шамамен 200 адам жарақат алды. Шабуыл жасаушы психиатр дәрігер болып шықты, ол Германияда лицензиямен жұмыс істеген.
Оқиға орнына Германия канцлері Олаф Шольц келді.