Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарда кейде тұман, жолдарда қардың жиналуы күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Алматыда 21 желтоқсанда кейде тұман, жолдарда қардың жиналуы күтіледі. Конаевта 21 желтоқсанда кейде тұман, жолдарда қардың жиналуы болжануда.
Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстікте, шығыста төменгі қарлы боран күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-18 м/с жетуі мүмкін.
Ұлытау облысында түнде шығыста төменгі қарлы боран күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан шығыста 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында 21 желтоқсанда солтүстікте, шығыста, оңтүстікте қарлы боран күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан оңтүстікте, шығыста 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Петропавлда 21 желтоқсанда түнде төменгі қарлы боран күтіледі.
Ақмола облысында 21 желтоқсанда түнде көпшілік жерде, күндіз солтүстікте, шығыста төменгі қарлы боран күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, солтүстікте, шығыста 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстікте, шығыста тұман күтіледі. Оралда 21 желтоқсанда түнде және таңертең тұман болжануда.
Ақтөбе облысында түнде және таңертең батыста тұман күтіледі.
Қызылорда облысында 21 желтоқсанда солтүстікте, орталықта жолдарда мұз жамылғысы күтіледі. Қызылордада 21 желтоқсанда жолдарда мұз жамылғысы болжануда.
Түркістан облысында 21 желтоқсанда оңтүстікте, батыста, таулы және тау етегіндегі аудандарда тұман күтіледі. Облыстың таулы асуларында төменгі қарлы боран болады. Жел батыстан шығысқа ауысып, таулы асуларда 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Шымкентте 21 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістанда 21 желтоқсанда түнде және таңертең тұман болжануда.
Абай облысында батыста, орталықта төменгі қарлы боран күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан батыста, орталықта 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
Маңғыстау облысында солтүстікте, шығыста тұман, жолдарда мұз жамылғысы күтіледі.
Қостанай облысында шығыста, оңтүстікте тұман күтіледі. Күндіз батыста, солтүстікте төменгі қарлы боран болжануда. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып, солтүстікте, батыста 15 м/с дейін жетуі мүмкін.
Павлодар облысында батыста, оңтүстікте төменгі қарлы боран күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан батыста, оңтүстікте 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Жамбыл облысында оңтүстікте, таулы аймақтарда тұман күтіледі. Солтүстікте, оңтүстікте, таулы аймақтарда мұз жамылғысы болжануда. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аймақтарда 15-20 м/с, түнде 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін. Таразда 21 желтоқсанда кейде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, түнде 15-20 м/с, кейде 23 м/с дейін жетуі мүмкін.
Жетісу облысында таулы аймақтарда тұман күтіледі. Жел батыстан Алакөл көлдері ауданында 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.