dknewskz.com

Павлодар облысынан Ресейге құжатсыз ұшақ шығаруға тырысқан. 21.12.2024

Павлодар облысынан Ресейге құжатсыз ұшақ шығаруға тырысқан. 21.12.2024

Региондық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, құқық бұзушылықты ведомство қызметкерлері ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметімен бірлесіп анықтады.

Самолёт пытались вывезти в Россию из Павлодарской области

"Амангельды автокөлік өткізу пунктінде "МАЗ 54323" маркалы көлік құралын тексеру кезінде, РФ Омск облысымен шекарада АН-2Т ұшағын тасымалдау фактісі анықталды. Әуе кемесінің салмағы 3 тонна 600 кг, бағалау құны – 1 800 000 ресей рублі. Ұшақ азамат М тарапынан жеке мақсаттар үшін аукционнан сатып алынды. Шекарадан өту сәтінде азамат М-де арнайы тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды болмаған. Арнайы тауар азаматтық және әскери мақсаттарға да жатқызылуы мүмкін",– деді ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің экспорттық бақылау бөлімінің басшысы Максут Кантарбаев.

Самолёт без документов пытались вывезти в Россию

Қажетті рұқсат құжаттарынсыз ұшақты тасымалдаған азамат М-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа жіберілді.

Павлодар облысының Иртыш аудандық сотының шешімімен азамат М кінәлі деп танылып, 55 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.