Онымен бірге қайғылы оқиға орнына ішкі істер министрі Нэнси Фезер, әділет министрі Фолькер Виссинг, қоршаған орта министрі Штеффи Лемке және "Одақ" парламенттік тобының жетекшісі Фридрих Мерц келді.
Магдебургқа келген саясаткерлер Саксония-Анхальт жерінің премьер-министрі Райнер Хазелоффпен бірге қала орталығындағы қылмыс орнын аралады.
"Менің ойларым — құрбандар мен олардың отбасыларымен. Біз олардың жағында және Магдебург тұрғындарының жағындамыз. Мен осы қиын сәттерде өздерін арнаған құтқарушыларға алғысымды білдіремін," — деп жазды Шольц X әлеуметтік желісінде.
Кеше Сауд Арабиясының тумасы автокөлікпен Жаңа жылдық жәрмеңкеге келген адамдардың үстіне шықты. Соңғы мәліметтер бойынша, кемінде төрт адам қайтыс болды, шамамен 200 адам жарақат алды. Шабуыл жасаушы Германияда лицензиямен жұмыс істейтін психиатр дәрігер болып шықты.