Жарақаттардан кейін Виктор Антипин мен Алихан Асетов командаға қайта оралды. Қақпадағы орындықты алғашқы минуттардан бастап Андрей Шутов алды.
Бастапқы кезең өте динамикалық өтті. Иелері екінші минуттың соңында есепті ашты – челябиндіктердің көшбасшысы Максим Шабанов қайтарылмайтын соққымен көзге түсті. Одан кейін "Барыс" командасының бірнеше мүмкіндігі болды. Ең қауіпті сәтті Михаил Рахманов ұйымдастырды, ол екіге бір контр-атаканы жасады, бірақ "Трактордың" қақпашысы Сергей Мыльников өз командасын құтқарды.
Екінші кезеңде Бенуа Грудың шәкірттері шайбаны бақылауға алып, ұзақ уақыт бойы қарсылас аймағында болды. Дегенмен, Андрей Шутовтың қақпасына гол сәттері жетпеді. Ал қонақтар өз ойынын тауып, екі қауіпті шабуыл жасады. Есепті Кирилл Панюков теңестірді, ал үзіліс алдында Антон Бурдасов бұрынғы командасына сәлем жолдады.
Дегенмен, шешуші кезеңде челябиндіктер Дилан Сикьюра мен Александр Кадейкиндін дәл соққыларымен жеңісті жұлып алды.
Кездесу 3:2 есебімен ресейліктердің пайдасына аяқталды.
24 желтоқсанда Галым Мамбеталиевтің шәкірттері "Трактор" командасымен тағы да кездеседі, тек бұл жолы матч Қазақстанның астанасында өтеді.