Көптеген жараланғандар туралы хабарланды. Қаза тапқандар туралы ресми ақпарат әлі жоқ.
Куәгерлердің айтуынша, автокөлік ратушаның жанында адамдардың ортасына қарай бағыт алған. Рождестволық жәрмеңке жабылды, ұйымдастырушылар қала орталығын тастауға шақырды.
BILD мәліметі бойынша, полиция Рождестволық жәрмеңкенің қоршалған ауданын жарылғыш заттарды іздеу үшін тексеріп жатыр.
Телерадиокомпания MDR хабарлағандай, полиция бұл шабуылдың террорлық акт екенін атап өтті.
Айта кету керек, Магдебургтегі шабуыл Берлиндегі террорлық актінің жылдығында орын алды. Еске сала кетсек, 2016 жылғы 19 желтоқсанда Брайтшайдплацтағы Рождестволық базарда жүк көлігі адамдарға толы алаңға кірді. Нәтижесінде 11 адам қаза тауып, 50-ден астам келуші әр түрлі дәрежедегі жарақат алды.