Трек үзіндісі Instagram-дағы әйгілі әншінің аккаунтында оның жанкүйерлерінің үлкен қуанышына орай пайда болды.
"Жастар тілінде, Розаның даусымен", - деп жазылған жарияланымның астында.
"kel kel :)" әнінің түпнұсқасы өткен жылдың қараша айында жарық көрді және YouTube-те шамамен 900 мың тыңдалымға ие.
Циклопедия порталының хабарлауынша, Ayau-дың шын аты - Аяулым Кусайын. Әнші 2003 жылы Алматыда дүниеге келген. Ол Қазақстанның "Голос" жобасына қатысуы арқасында танымал болды.
Бүгінгі таңда Ayau-дың ең басты хиттарының бірі "sybyrlaiyn <3" әні, ол тек елімізде ғана емес, шет елдерде де танымал.