dknewskz.com

Өзбекстан кәсіпкерлері жапон менеджменті бойынша оқудан өтті.

Өзбекстан кәсіпкерлері жапон менеджменті бойынша оқудан өтті.

Қазақстанның халықаралық даму агенттігі «KazAID» жапон басқару әдісімен танысу мақсатында «Кайдзенге кіріспе» атты екі күндік семинар өткізді.

Кайдзен — Жапониядағы менеджменттің негізгі концепцияларының бірі, оның негізінде өндіріс процестерін үздіксіз жетілдіру жатыр. Кайдзен концепциясының негізгі элементтеріне командалық жұмыс, жеке тәртіп, мотивация арқылы моральдық рухты сақтау және түрлі деңгейдегі қызметкерлер арасында идеялармен алмасу үшін брейншторминг топтары кіреді.

Қазақстаннан спикер ретінде «Toyota Production System» жүйесінің сарапшысы және жұқа өндіріс бойынша консультант Нұрсұлтан Нұрмұханов, Ұлттық волонтерлік желіден, өз тәжірибесімен бөлісті. Семинар шағын және орта бизнес өкілдері үшін құнды тәжірибе болды, аймақта тұрақты дамуды нығайтуға ықпал етті және Орталық Азия кәсіпкерлерімен тәжірибе алмасу үшін платформа құрды.

Бұл семинар KazAID және JICA-ның қолдауымен қатысушылар үшін тегін өткізілді.

Семинарды KazAID Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) және Қазақстан-Жапон адам ресурстарын дамыту орталығы (KJC) мен Өзбекстан-Жапон адам ресурстарын дамыту орталығы (UJC) қолдауымен ұйымдастырды.