Карағанды облысы әкімдігінде мәлімдегендей, тағайындау ҚР Президенті Әкімшілігімен және қалалық мәслихат депутаттарымен келісілген. Бұған дейін жаңа тағайындалған әкім өңірдің өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасын басқарған.
Ақпараттық сессияда облыс әкімі Ермағанбет Бүлекпаев жаңа қала әкімі кандидатурасын депутаттарға таныстырды, олар оны қолдады.
Саран қаласының басшысына қаланың дамуы бойынша басым міндеттер белгіленді.
Ермағанбет Бүлекпаев Дарын Булқайырдың қала әкімі ретінде бұрын басталған жобаларды жалғастырып, аяқтайтынына, сонымен қатар жаңа жобаларға кірісетініне сенім білдірді, бұл жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасына және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететініне сенімді.
Дарын Булқайыр мемлекеттік қызметте 2012 жылдан бері жұмыс істейді. Ол Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында мемлекеттік-құқықтық бөлімнің бас маманы болған. 2013 жылдан 2015 жылға дейін Қарағанды қаласы «Тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы және орынбасары қызметтерін атқарды. Содан кейін Карағанды облысының энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасында заңгер-бас маман, бюджет атқару бөлімінің бас маманы және мемлекеттік сатып алу және құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2017 жылдан 2021 жылға дейін Қарағанды қаласының Октябрь ауданындағы әкімнің орынбасары болды. 2021 жылдан 2023 жылдың шілдесіне дейін Карағанды облысының жер қатынастары басқармасын басқарды. 2023 жылдың шілдесінен бастап және қазіргі тағайындалуына дейін Карағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасын басқарған.