Жоба мемлекет басшысының мемлекеттік басқаруды ауқымды цифрландыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде жүзеге асырылды.
Онлайн-платформа «Бір терезе» принципімен жұмыс істейді және «Bgov» бизнес қолдау порталымен, «Байтерек» холдингінің байланыс орталығымен интеграцияланған, сондай-ақ экспорттаушыға Агенттіктің бекітілген менеджерімен онлайн режимінде байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Заявление берген кезде экспорттаушыға сақтандыру өнімін таңдау және жеке кабинетте тіркелу мен авторизациядан өтуді қамтитын келесі негізгі кезеңдерді өту қажет. Онлайн-заявка қаралғаннан кейін, егер ол мақұлданса, экспорттаушыға электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦП) пайдалана отырып, онлайн келісімшартқа қол қою мүмкіндігі беріледі. Бұл процесс заңдық қауіпсіздік пен ашықтықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мұндай кешенді тәсіл өтінімдерді өңдеуді айтарлықтай жылдамдатып, өзара әрекеттестіктің тиімділігін арттырады және экспорттаушылар үшін уақыт шығындарын азайтады.
Барлық кезеңдер экспорттаушының жеке кабинетінде - online.kazakhexport.kz және Агенттіктің ресми сайтындағы басты бетте - www.kazakhexport.kz қолжетімді.
Жақын арада Агенттік экспорттаушыларға осы онлайн-порталда өтінім беруді үйрету мақсатында сериялы оқыту семинарларын өткізуді жоспарлап отыр.