dknewskz.com

«Бизнеске жол»: Антикор 47 мың кәсіпкердің құқықтарын қорғады.

«Бизнеске жол»: Антикор 47 мың кәсіпкердің құқықтарын қорғады.

Іс-шараға сондай-ақ уәкілетті және жергілікті мемлекеттік органдар, кәсіпкерлік ассоциациялары, IT-компаниялар қатысты.

«Бизнеске жол» жобасын жүзеге асыру аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет НПП «Атамекен» арқылы биылғы 11 ай ішінде 25 мың кәсіпкердің құқықтарын қорғады (жоба басталғаннан бері 47 мың, 2022-2024 жж.).

Соңғы екі жылда (2023-2024 жж.) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру бойынша 7 қылмыстық іс (ҚК 365-бабы) және бизнеске араласу бойынша 53 әкімшілік құқық бұзушылық (ӘҚБтК 173-бабы) тіркеді.

Негізінен, бизнес мемлекеттік органдардың тапсырыс берушілердің жеткізілген тауарлар үшін төлемеу мәселелері, салық органдарының шоттарға заңсыз шектеулер қоюы, жер, рұқсат құжаттары мен субсидияларды беру бойынша жергілікті атқарушы органдардың негізсіз бас тартулары бойынша шағымданады.

Талдау көрсеткендей, бұл мәселелер бизнес-процестердің жеткіліксіз автоматтандырылуының салдары болып табылады. Сондықтан кездесуде уәкілетті мемлекеттік органдардың анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған шаралары талқыланды.

Бизнесті қолдау бойынша Біріңғай портал «BGOV», Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының Геопорталы, Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі, eQurylys.kz ақпараттық жүйесі, «Біріңғай сатып алу терезесі» және басқа да мүмкіндіктер ұсынылды.

Сонымен қатар, IT-компаниялар бизнесті жүргізуді жеңілдететін өз әзірлемелерін таныстырды.

Талқылау барысында кәсіпкерлер белгілі бір ақпараттық жүйелердің функционалындағы кемшіліктерге қатысты бірнеше проблемалық мәселелерді көтерді.

Жалпы, іс-шара бизнес, мемлекет және IT-сектор арасында диалог орнатуға ықпал етті.

Кездесудің нәтижесінде аталған салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша Жол картасын әзірлеу жоспарлануда.